САЙТТЫҢ АНАЛИТИКАСЫ
КЕШЕ60
БҮГІН62
Басты МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ Ақсу қалалық мәслихатының кезекті XL сессиясы өтті
Ақсу қалалық мәслихатының кезекті XL сессиясы өтті

Ақсу қалалық мәслихатының кезекті XL сессиясы өтті

2019 жылдың 27 наурыз күні Ақсу қалалық мәслихатының кезекті XL сессиясы өтті. Сессияға Ақсу қаласының әкімі, оның орынбасарлары, бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары және I, II, III, IV, V шақырылымдарының депутаттары қатысты.

Рисунок6

Мәслихат хатшысы М. Омарғалиев 2018 жылы атқарылған жұмысы туралы есеп беріп, сөз соңында барлық шақырылымдар депутаттарын Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 25-жылдығымен құттықтап, арнаулы ашық хатын табыстады.

Рисунок1

Қоғамдық кеңестің төрағасы, мәслихат депутаты З.А. Хайыргельдин Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы баяндай келе, халық қалаулыларын құттықтап, тілектерін айтты. Сондай-ақ, «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы А.Ы.Оразалин, қаланың құрметті азаматы, I, II шақырылған аудандық, қалалық мәслихат хатшысы А.Д. Прохоров қатысушыларды мерекемен құттықтады.

Рисунок3

Ақсу қаласының әкімі Б.Ж. Ыбыраев депутаттарды құттықтап, Александр Данилович Прохоровқа Алғыс хат табыс етті. Осы сессияда, VI шақырылым депутаттары Ақсу қаласының Қоғамдық кеңесінің Ережесін бекіту және Ақсу қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау мәселесін қарастырып, бір ауыздан тиісті шешімдерді қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыз