Басты ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚОҒАМДЫҚ КЕНЕСТІҢ ЖАНАЛЫҚТАРЫ Қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

 

Қалалық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында белгісіз жерлерде («өздігінен») сауда жүргізу, дезинсекциямен, дератизациялау жұмыстарымен айналысуға қатысты мәселелер қаралды.
Қоғамдық кеңестің мүшесі Б.А. Ерғалиева Комиссияның рұқсат етілмеген жерлерде сауда-саттықты тексеру жөніндегі рейд нәтижелері туралы баяндады.

Қоғамдық кеңестің мүшелері ішкі сауда ережелеріне сәйкестілігіне назар аударды және Кәсіпкерлік және туризм бөлімі қалада сауда-саттық орындары тізімін бекітіп, қызығушылық танытқан адамдармен бірге бұрын белгіленген ашық металл дүңгіршектерін тиісті жағдайға келтіруді ұсынды.

Дезинсекция және дератизациялау жұмыстары туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, тұрғын үй инспекциясының басшылары тыңдалды.
«Ветдез» ЖШС-мен қан сорғыш жәндіктердің санын азайту бойынша дезинсекциялық шаралар жүргізу туралы шарт жасалды. 26 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін қаланың су объектілеріне химиялық және биологиялық препараттармен - агран және бактцидтермен жерді өңдеу жүргізілді.

Үстіміздегі жылдың наурыз айында «Базарбай» ЖК тұрғын үй қорының,мемлекеттік мекемелердің жертөлелерін, , саябақтар аумағын, алаңдарды, зираттар мен қатты қоқыс полигонын кеміргіштерден дератизациялауды жүргізді. Жұмыстың бұл түрлері күзгі кезеңде қайталануы тиіс.ПИК-нің қызмет көрсету ұйымдары жәндіктерге қарсы дезинсекциялауға арналған санитарлық-гигиеналық қызметтерді ұсыну туралы, «Дезус» ЖШС-менкелісім жасасты.

 

IMG_4196_1

IMG_4204

Сондай-ақ оқыңыз