Басты ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚОҒАМДЫҚ КЕНЕСТІҢ ЖАНАЛЫҚТАРЫ Қоғамдық кеңестің электр желілеріне қызмет көрсету тарифтері бойынша отырысы өтті
Қоғамдық кеңестің электр желілеріне қызмет көрсету тарифтері бойынша отырысы өтті

2021 жылғы 16 наурыздағы Ақсу қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отрысында Ақсу қаласының көппәтерлі тұрғын үйлерінде жалпы үйлік электр желілеріне қызмет көрсету тарифтері туралы мәселе қарастырылды.

Павлодар қаласының үйішілік электр желілерінің қалалық кәсіпорын директоры О.В.Клочковтың Ақсу қаласының көпқабатты тұрғын үйлерінде жалпы үйлік электр желілеріне техникалық қызмет көрсету тарифін белгілеу және жөндеу жұмыстары бойынша ақпараты тыңдалды.

Талқылау барысында келесідей фактілер аталды:

  • электр энергиясының өшірілуі туралы хабарды халыққа жеткізбеу,
  • жалпы үйлік электр желілеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары кейде сапасыз өткізілуі,
  • жөндеу жұмыстары бригадасының жұмысына жүйелік бақылаудың жоқтығы,
  • баяндамада айтылған жалпы үйлік электр желілерінің қызметінің құны неліктен өскені туралы сөзі негізсіз және дәлелсіз болды. Есептеуіштерді кімдер орнатуы міндетті екені айтылмады.
  • Халыққа не сайт, не қалалық газеттер арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген. Тұрғын үй инспекциясы бөлімі Пәтер иелерінің кооперативтері және тұрғын үй инспекциясы бөлімімен өзара әрекеттесуге арналған ортақ сайтты қолдану ұсынылды.

IMG_5293

IMG_5310

Сондай-ақ оқыңыз