САЙТТЫҢ АНАЛИТИКАСЫ
КЕШЕ60
БҮГІН61
Басты Жаңалықтар Х А Б А Р Л А М А
Х А Б А Р Л А М А

2021 жылдың 23 желтоқсанында сағат 15.00-де Ақсу қалалық мәслихатының VII шақырылған он төртінші кезекті сессиясы өтеді.

Күн тәртібінде:  

  1. Ақсу қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы.
  2. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім бері, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жоғары айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы.
  3. 2022 жылы Ақсу қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы.
  4. Ақсу қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы ”Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы“ № 491/73 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептер.

Басқа мәселелер.