
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 16 және 17 желтоқсанда дүниеге келген сәбилерге Мемлекет басшысының атынан «Сүйінші» бэби-бокстары сыйға тартылды. «Сүйінші» сыйлық қорапшаларында сәбилерге қажетті заттар бар. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хаты, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шығарылған естелік монета және баланың туу туралы куәлігі бар. Балалардың бақытты ата-аналарын Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы М.Қ.Омарғалиев, сондай-ақ Ақсу қаласы әкімдігінің өкілдері құттықтады.