САЙТТЫҢ АНАЛИТИКАСЫ
КЕШЕ54
БҮГІН8
Басты Жаңалықтар Ақсуда Тәуелсіздік күніне дүниеге келген сәбилерге «Сүйінші» жәшіктері табысталды.
Ақсуда Тәуелсіздік күніне дүниеге келген сәбилерге «Сүйінші» жәшіктері табысталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 16 және 17 желтоқсанда дүниеге келген сәбилерге Мемлекет басшысының атынан «Сүйінші» бэби-бокстары сыйға тартылды. «Сүйінші» сыйлық қорапшаларында сәбилерге қажетті заттар бар. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хаты, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шығарылған естелік монета және баланың туу туралы куәлігі бар. Балалардың бақытты ата-аналарын Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы М.Қ.Омарғалиев, сондай-ақ Ақсу қаласы әкімдігінің өкілдері құттықтады.