САЙТТЫҢ АНАЛИТИКАСЫ
КЕШЕ54
БҮГІН8
Басты Жаңалықтар Облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары жұртшылықпен бірлескен кездесулер
Облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары жұртшылықпен бірлескен кездесулер

2022 жылдың 9 ақпанында Павлодар облысының депутаты Қымбатов Мұрат Амангелдіұлы, Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы Омарғалиев Мәдениет Қабылдаұлы, Ақсу қалалық мәслихатының депутаты Поддубная Ольга Викторовна Еңбек кентінің Мамайт Омаров атындағы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді..

Жиынға Еңбек ауылының жергілікті қоғамдастық мүшелері Көшбике Ережепова, Сұлтанов Ғалым Шайманұлы, Зайрбаева Фарида Айтбаевна, сонымен қатар Еңбек ауылының тұрғындары Ахметов Мұхаметсапар Солтанұлы зейнеткер, Ардабай Пернеғұл Еңбек ауылының мәдени-демалыс орталығының қызметкері, Бірдхан Жанаргүл Еңбек ауылы мәдени-демалыс үйінің дыбыс инженері, Азанбаева Алмагүл Ерікбаевна мәдени және демалыс орталығының мәдени ұйымдастырушысы, Хайдолда Әділбек имам, Сайырбай Жәмкен, Шапых Абайхан, Нұрғазы Күлкей, Асылова Дәметай Балтабайқызы, Еңбек ауылы орта мектебінің директоры Амренова Лейла Сарсенбайқызы және  Ақсу қаласының құрметті азаматы  Ержанов Амангелді Матайұлы қатысты.

Ауыл тұрғындарынан ауылдағы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ темір жол өткелін ашу, ауылды абаттандыру, дене шынықтыру-сауықтыру кешені /ФОК/ және дәрігерлік амбулатория салу қажеттігі туралы сауалдар түсті. Еңбек кентінен мал жайылымына жер бөлу. Барлық сұрақтар нақтыланды, барлық сұрақтар бақылауға алынды.

 

150222 (1)

150222 (1)

150222 (1)

150222 (1)