САЙТТЫҢ АНАЛИТИКАСЫ
КЕШЕ54
БҮГІН8
Басты Жаңалықтар Депутаттар Омарғалиев М.Қ., Толымбеков А.М., Поддубная О.В. колледж студенттерімен кездесті
Депутаттар Омарғалиев М.Қ., Толымбеков А.М., Поддубная О.В. колледж студенттерімен кездесті

2022 жылдың 14 ақпанында Ақсу қара металлургия колледжінің базасында Ақсу қалалық мәслихатының депутаттары М.Қ.Омарғалиев, А.М.Толымбеков, О.В. Поддубная колледж студенттерімен кездесті. Халық қалаулылары студенттерге Ақсу қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді. Студенттер өз кезегінде сандық басқаруы бар заманауи станоктардағы жұмыс туралы, жаңғыртылған және қайта жабдықталған металл дайындау цехы туралы айтты.

Колледж директорының орынбасары қызметін атқаратын Поддубная Ольга Викторовна колледжде білікті профессорлық-оқытушылық құрамның барын, оқытудың заманауи әдістерін қолданатынын, жақсы материалдық-техникалық базасы, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған өндірістік шеберханалары мен зертханалары, кітапханасы, оқу залы, электронды кітапхана бар екендігін айтты.

Колледждің оқу процесінің құрамдас бөлігі «Ақсу ферроқорытпа зауыты» ірі өнеркәсіптік кәсіпорны базасындағы өндірістік практика болып табылады. Колледждің көптеген студенттері өндірістік тәжірибе кезінде өздеріне болашақ жұмыс орнын табады.

 

14022222 (1)

14022222 (1)

14022222 (1)