САЙТТЫҢ АНАЛИТИКАСЫ
КЕШЕ54
БҮГІН7
Басты Жаңалықтар Қанат Болатұлы Даржұманды еске алу кеші өтті
Қанат Болатұлы Даржұманды еске алу кеші өтті

2022 жылдың 1 сәуірінде Ақсу қаласының кітапханасында Қазақстанға белгілі тұлға, кемеңгер басшы, аяулы әке және ата Қанат Болатұлы Дәржұманның туғанына 85 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Оның өмір жолы – халыққа лайықты қызмет етудің, шақыруының жарқын үлгісі. Қанат Болатұлы Ермаковскийдің хатшысы болып сайланды, партияның Баянауыл және Качир аудандық комитеттерінің бірінші хатшысы, Павлодар облыстық партия комитетінің партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, халық депутаттары облыстық кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Қанат Даржұманның Павлодар Ертіс өңірін мекендеген халықтардың ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жаңғыртуға қосқан үлесі ұшан-теңіз. Павлодар облысындағы Қазақстан халқы шағын ассамблеясының алғашқы басшыларының бірі болып, түрлі ұлт өкілдерінің сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленді.

Кешке Ақсу қаласы мәслихатының хатшысы Омарғалиев Мәдениет Қабылдаұлы, Ақсу қаласының құрметті азаматтары Прохоров Александр Данилович, Сламбекова Рымкеш Хамитқызы, Солдаткина Валентина Павловна, Құндыкерова Светлана Қабидуловна қатысты.

010422 (1)

010422 (1)

010422 (1)

010422 (1)

010422 (1)