
Ақсу қаласының әкімі Дүйсімбинов Нұрлан Шайхслямұлы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Қарымсақов Ержан Нағызханұлы, «Әділ жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының басшысы – Қайырденова. Наргүл Амантайқызы, Қоғамдық кеңес мүшелері, Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы, бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты – әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша қоғамның пікірін білдіру.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға сәйкес нысаналы индикаторларға қол жеткізу туралы атқарушы органдардың есептерін талқылау бақылау нысандарының бірі болып табылады. Күн тәртібінде 2 мәселені қарадық:
- «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданатын шаралар туралы». Баяндамашы: Мұқанов Руслан Берекелұлы – Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы.
- «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету туралы». Баяндамашы Қайрат Сейітмағамбетұлы Садвокасов – Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы.
Баяндамалар бойынша пікірталасқа жиналғандардың барлығы қатысты.