
2022 жылғы 13 сәуірде Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы Омарғалиев М.Қ., Ақсу қалалық мәслихатының депутаты Әліпов Қ.Е. Жолқұдық ауылының орталық көшесіне асфальт төсеу жұмыстарымен танысты. 2022 жылдың ақпан айында халықпен есеп беру кездесулерінде Жолқұдық ауылының тұрғындары Кеңес Одағының Батыры Қанаш Қамзиннің туған жері болғандықтан, ауылдың көшелерін асфальттау жөнінде сұрақтар қойды. Бүгінге дейін депутаттар мердігердің асфальт төсеу жұмыстары бекітілген жобаға сәйкес жүргізіліп жатқанын, оны 2022 жылдың сәуір айының соңына дейін аяқтау жоспарланғанын атап өтті.