САЙТТЫҢ АНАЛИТИКАСЫ
КЕШЕ54
БҮГІН10
Басты Жаңалықтар WorldSkillsPavlodar облыстық чемпионаты өтті.
WorldSkillsPavlodar облыстық чемпионаты өтті.

Ақсу қара металлургия колледжінде Павлодар облысының түкпір-түкпірінен 11 оқу орнынан 30-дан астам студент WorldSkillsPavlodar облыстық чемпионатына жиналды.

Санаулы күндердің ішінде чемпионатқа қатысушылар алты құзіреттілік бойынша сынға түседі. Бұл сандық басқаруы бар станоктардағы токарлық жұмыстар, компьютерлік басқарумен токарлық жұмыстар, фрезерлік жұмыстар, дәнекерлеу технологиялары, металл конструкциялары мен шанақтар. Мысалы, дәнекерлеушілер бес сағаттың ішінде арнайы бөлікті шығаруы керек, ал автослесарь жүк көлігінің қозғалтқышын жөндеуі керек.

Жиынға қатысушыларды қала әкімімен бірге Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы М.Қ.Омарғалиев құттықтады.

Құрамында өндірістік кәсіпорындардың өкілдері мен колледж оқытушылары бар қазылар алқасы тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалайды. Сараптама комиссиясына Ақсу қара металлургия колледжінің студенті Илсур Тукаев та қосылды. Өткен жылы WorldSkills Республикалық чемпионатында жеңімпаз атанып, бүгінде халықаралық аренада бақ сынауға дайындалып жатыр. Студент биыл қазан айында Шанхайда өтетін әлемдік кәсіби шеберлік байқауына іріктеуде Қазақстанның намысын қорғауы керек.

WorldSkillsPavlodar аясындағы барлық модульдер Ақсу қара металлургия колледжінің базасында өткізіледі. Алты құзыреттің әрқайсысы бойынша жеңімпаздар ұлттық кәсіби шеберлік байқауында Павлодарды таныстыру мүмкіндігіне ие болады.

2000111 (1)

2000111 (1)

2000111 (1)

2000111 (1)

2000111 (1)

2000111 (1)

2000111 (1)

2000111 (1)

2000111 (1)