
2022 жылдың 25 сәуірінде «Таза жұма», «Сенбілік» айлығы аясында Ақсу қаласы қалалық мәслихатының депутаты Ж.М.Есембаева «Тұрғын үй инспекциясы» ММ өкілі және учаскелік инспектормен бірге № 4 ықшамаудандағы санитарлық тазалау жұмыстарымен танысып, жеке кәсіпкерлермен және осы шағын аудан тұрғындарымен кездесіп, тұрғын үйді санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу қажеттігін түсіндірді.