САЙТТЫҢ АНАЛИТИКАСЫ
КЕШЕ55
БҮГІН45
Басты Жаңалықтар Тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы болып өтті
Тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы болып өтті

2022 жылғы 29 сәуірде Ақсу қалалық мәслихатының экономика және бюджет, әлеуметтік және жастар саясаты, құқықтық тәртіп, экология, коммуналдық шаруашылық мәселелері агроөнеркәсіп кешенін және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы болып өтті.

Депутаттар 2021 жылғы 23 желтоқсандағы№ 95/14  «Ақсу қалалық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ибраева Бибігүл Жұмагелдіқызының баяндамасын тыңдады және Ефремов Кирилл Владимирович –сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы«Қалалық кеңес құру туралы» баяндады. Бұл жобаларды қалалық мәслихат сессиясының қарауына шығару туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, депутаттарға «Туған қала» презентациясы ұсынылды, «Туған қала» жобалық орталығының үйлестірушісі Айдаргазина Юлия Владимировна жоба туралы айтып, жобаның мақсаттары, орындалу мерзімі, параметрлері туралы айтып, депутаттарды «Туған қала» жобаға Ақсу қаласының тұрғындарын тартуға белсене қатысуға шақырды.