САЙТТЫҢ АНАЛИТИКАСЫ
КЕШЕ54
БҮГІН9
Басты Жаңалықтар Ағымдағы жылдың  5 мамырында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда жалпыхалықтық референдум өтетіні туралы жариялады.
Ағымдағы жылдың  5 мамырында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда жалпыхалықтық референдум өтетіні туралы жариялады.

Осыған орай бүгін, "AMANAT" партиясы облыстық филиалының партия активінің отырысына М.К. Омарғалиев   қатысты. Партиактив жұмысында Конституцияда орын алатын өзгерістер мен түсіндіру жұмыстары кезіндегі штабтардың жұмыс алгоритмі талқыланып, партактив жұмысына қатысқан әрбір партияластар өз ойларымен бөлісу мүмкіндігіне ие болды.
Өңірлік партия штабының мүшесі, мемлекеттік қызмет ардагері Бауыржан Қапенов өз сөзінде референдум алдындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізу ережелері мен тәртіптеріне тоқталып кетті.
«Ассамблея жастары» ұйымының жетекшісі, өңірлік штабтың мүшесі Рамиль Смайылов өңірдің барлық жастарын Референдумды қолдауға шақырып, бұл Жаңа Қазақстанды құру жолындағы алғашқы қадам екенін атап өтті.
Бүгінгі таңда облыстық филиал өңірлік партия штабын құрды, оның құрамына мәслихат депутаттары, қоғамдық пікір көшбасшылары, партия ардагерлері, жастар кірді. Сондай-ақ, қалалар мен аудандарда қоғамдық аумақтық партиялық штабтар құрылды, филиалдардың атқарушы хатшылары штабтардың жетекшілері болып табылады.
Облыстық штабтың жетекшісі Илья Теренченко штабтың алдында үлкен міндеттер тұрғанын айтып, Мемлекет басшысының бастамасын жалпыға бірдей қолдап, өзіміздің азаматтық позициямызды көрсету шақырды.
Жалпыхалықтық референдумде дауысқа салуға Конституцияның 33-бабына түзетулер дайындалды, ал бұл бүкіл Конституцияның үштен бірі.
«Бүгін біз-депутаттық корпус өкілдері, халық қалаулылары, саяси партиялар бас заңға енгізілетін өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарына барынша белсенді қатысуға тиіспіз»,- деді облыстық мәслихаттың хатшысы Ернұр Айткенов.

Ағымдағы жылдың 3 маусымына дейін облыстық штабтың мүшелері өңірдің барлық аудандарына барып,түрлі салалық топтармен кездесулер өткізіп, ұсынылған Конституциялық түзетулердің мазмұнын халыққа жеткізетін болады.

 

ref2 (1)

ref2 (1)

ref2 (1)

ref2 (1)

ref2 (1)