САЙТТЫҢ АНАЛИТИКАСЫ
КЕШЕ40
БҮГІН35
Басты Жаңалықтар «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы аясында депутат Леонов азаматтарды қабылдады
«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы аясында депутат Леонов азаматтарды қабылдады

«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы аясында 2022 жылғы 16 қыркүйекте депутат Леонов азаматтарды қабылдады, сондай-ақ азаматтарды толғытатын мәселелер бойынша заңнаманы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Халық заңгері» акциясы Қазақстанның барлық қалалары мен ірі елді мекендерінде өткізіледі, сондықтан республикалық сипатқа ие болған акция. Аталған шара аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері, заңгерлер мен адвокаттар халықты қабылдап, тегін заңгерлік көмек көрсетеді. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, мәселелерді шешу және тегін заң көмегін көрсету арқылы әлеуметтік шиеленісті болдырмау.

Кез келген азамат мемлекеттік органдар мен еліміздің заң қоғамдастығының таңдаулы өкілдерінен құқықтық саладағы мәселелерді шешуге қажетті көмекті ала алады. Олардың қатарында белгілі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері, судьялар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, полиция, әділет қызметкерлері, мемлекеттік органдардың басшылары, салық органдарының, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімдерінің қызметкерлері және  басқалар. «Халық заңгері» акциясы іске қосылған сәттен-ақ өзінің өзектілігін бірден көрсетті. Қарапайым қазақстандықтар оған тәнті болды, дәстүрге айналды, халық оны асыға күтуде. Бұл акцияның тек Қазақстанда ғана емес, оны жүзеге асырудың ауқымы мен географиясы жағынан да, форматының бірегейлігі жағынан да әлемде баламасы жоқ, өйткені ол бір уақытта барлық қалаларда өтеді.

2009997 (1)

2009997 (1)