САЙТТЫҢ АНАЛИТИКАСЫ
КЕШЕ40
БҮГІН34
Басты Жаңалықтар 2022 жылғы 21 қыркүйекте Ақсу қалалық мәслихатының VII сайланған жиырма жетінші сессиясы өтті.
2022 жылғы 21 қыркүйекте Ақсу қалалық мәслихатының VII сайланған жиырма жетінші сессиясы өтті.

Сессияға қала әкімі, қала әкімінің орынбасарлары, мемлекетті органдардың басшылары қатысты. Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Т. Жакипов қалалық мәслихаттың депутаттары Андрей Владимирович Гороховқа, Илья Юрьевич Кулешовқа депутаттық мандаттар мен төсбелгілер және куәліктер табыс етті.

Сессия барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді қарады.

Достық ауылдық округінің, Евгеньевка ауылдық округінің, М.Омаров атындағы ауылдық округі әкімдерінің округтің әлеуметтік-экономикалық даму туралы есептерін тыңдады.

Сондай-ақ келесі шешімдер қабылданды: «Қалалық мәслихаттың 2021 жылғы 15 қаңтардағы «Ақсу қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және сайлау туралы» № 3/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»,

Ақсу қалалық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы«Ақсу қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 218/29 шешіміне өзгерістер енгнізу туралы,

Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы «Ақсу қаласының  Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін және  бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» № 312/42 шешімінің күші жойылды деп тану туралы».

210920222221 (1)

210920222221 (1)

210920222221 (1)

210920222221 (1)

210920222221 (1)

210920222221 (1)