САЙТТЫҢ АНАЛИТИКАСЫ
КЕШЕ75
БҮГІН7
Басты Жаңалықтар 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Қоғамдық кеңес мүшелері, Ақсу қаласының депутаттары және Ақсу қаласы мәслихатымен бірлесіп рейд өткізді
2022 жылдың 23 қыркүйегінде Қоғамдық кеңес мүшелері, Ақсу қаласының депутаттары және Ақсу қаласы мәслихатымен бірлесіп рейд өткізді

Рейдтің мақсаты – Ақсу қаласы мен ауылдық округтер тұрғындарының тасымалдау қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету. Жолаушыларды тасымалдау қызметін 26 көлік бірлігі көрсетеді. Құрамына Ақсу қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы З.А.Хайыргельдин, Ақсу қалалық мәслихатының депутаттары Н.Қ.Оразбаев, О.В.Поддубная, қоғамдық кеңес мүшесі К.Б.Сайлгазин, мәслихат аппаратының бас маманы Б.Қ.Жамалбаева кірген 1 топ №1 автобус бағытына мониторинг жүргізді. 

Бұл бағыт қаланың барлық жерінен өтеді, сондықтан өте ыңғайлы. Қала тұрғындарымен әңгімелесу барысында мынадай негізгі мәселелер анықталды:

  1. Адамдар көп жүретін уақытта автобус кептелісі, атап айтқанда, 7.00 және 7.30 сағ. шағын автобустар жүреді; 2. Автобустың санитарлық жағдайы нашар, өйткені тазалау күніне бір рет, кешкі уақытта ғана жүргізіледі.
  2. Ақпараттық тақталар ескірген.
  3. Аялдамаларды жарияламайды.

№2 топ, оның құрамына Ақсу қалалық мәслихатының депутаты Леонов А.Л., қоғамдық кеңес мүшелері Олейник С.А., Байманов Қ.Қ., мәслихат аппаратының басшысы Қабиденова Н.Е. №3 автобус бағытын тексерді. Маршруттың басы теміржол вокзалынан және Северный өткеліне дейін. Бағыт кесте бойынша кідіріссіз жүреді, маршрутта 4, 3 автобус бар, автобустар ыңғайлы, қауіпсіздік және қорғаныс құралдарымен жабдықталған, 1-ші автобус шағын. Адамдар көп жүретін  уақытта автобус ішінде кептеліс болатыны анықталды. Автобус жүргізушілері  Северный өткеліндегі  аялдамаға апаратын жолға шағымданды.

№3 топқа Ақсу ферроқорытпа зауытының жұмысшылары Рубан А.А., Кузнецов А.В., Морозов В.А., Рахадилов Л.З. № 2, № 4, № 5, № 10 маршруттары тексерілді. Бағыттардың үнемі, әсіресе таңертеңгі уақытта, кесте бойынша жүрмейтіні анықталды. 7-34 минутта №10 маршрут мүлде болмады, сонымен қатар №4 маршрут 7-35-те келмеді. ХҚКО маңындағы №1 маршрут таңғы сағат 7:30-да болмағандықтан, кішкентай балалар жаяу жүруге мәжбүр болды, ал 8:05-те маршрут 5 минутқа кешігіп келді.

Рейдті ұйымдастыру жұмыстарымен Қоғамдық кеңестің хатшысы И.А.Никулина, ал бейне және фотосуретке түсірумен  Қоғамдық кеңес мүшесі   А.К.Шақар айналысты.

Барлық түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдары  Ақсу қаласы мен ауылдық елді мекендер тұрғындарын тасымалдау қауіпсіздігі мен сапасына жауапты мемлекеттік органдардың пікірін тыңдай отырып,  Қоғамдық кеңес пен депутаттардың бірлескен отырысында қаралатын болады.

23092022555 (1)

23092022555 (1)

23092022555 (1)

23092022555 (1)

 

 

Соңғы жаңалықтар
23 Қараша 2022 ж.