САЙТТЫҢ АНАЛИТИКАСЫ
КЕШЕ21
БҮГІН74
Басты Жаңалықтар М.Омаров атындағы ауылдық округке жұмыс сапарымен
М.Омаров атындағы ауылдық округке жұмыс сапарымен

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде қалалық мәслихаттың хатшысы М.Омарғалиев экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Ж.Есембаева, әлеуметтік және жастар саясаты, заңдылық пен құқықтық тәртіп жөніндегі комиссия төрайымы О.Поддубная, қалалық мәслихаттың мамандары Б.Алпысбаева, М.Мақанова бірлесіп, М.Омаров атындағы ауылдық округке жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында олар Құркөл ауылындағы Дөнентаев атындағы орта мектепте болды, депутаттар мектепте жаңа оқу жылының басталып, алдағы жылу маусымына толық дайын екендігін, мектеп қазандығы жөнделіп, көмірмен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Жұмыс тобының сапарының тағы бір нысаны М.Омарова ауылындағы Жамбыл орта мектебі болды. Мектепте жылу жүйесі күрделі жөндеуден өтті, депутаттар қазандықты және мектепке қосылған барлық коммуникацияларды қарап шықты. Қазіргі уақытта мектеп жылыту маусымына дайын, көмірмен қамтамасыз етуде еш қиындық жоқ.

Сондай-ақ, келесі нысаны   спорт кешенінің құрылысы болды, жалпы құрылыс алаңы 812,12 м2 құрайды, негізгі жұмыстары аяқталуға жақын. Мердігер «Портал-ПВ» ЖШС нысанды қазанның 25-іне дейін тапсыруға уәде беріп отыр. Спорт кешені ауыл тұрғындарына жақсы тарту болып, жастар мен ересектерді спортқа, салауатты өмір салтына баулуға септігін тигізбек.

Еңбек ауылының жөндеу жұмыстары жүріп жатқан орта мектебінде де болды. Оқу кабинеттері мен дәліздерді жөндеу жұмыстары аяқталды, мектеп заманауи және өзіндік ерекше келбетке ие болды, акт залы мен асханадағы және спорт залында, атап айтқанда жуынатын кабиналарға су тарту жұмыстарын аяқтау қалды. Депутаттар жөндеу жұмыстары бойынша мердігерге бірқатар ескертулер жасады.

Жұмыс отырысы барысында депутаттарға кейбір мәселелерді шешуге көмектесу туралы тілектер мен өтініштер айтылды.

tk2022 (1)

tk2022 (1)

tk2022 (1)

tk2022 (1)

tk2022 (1)

 

Соңғы жаңалықтар
23 Қараша 2022 ж.